Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 439,37 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 5,21 теңге болды. Ал Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 0,49 теңгеге арзандап, 65,46 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында долларды 438,3 теңгеден сатып алып, 440,4 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу және сату бағамы – тиісінше 498,6 және 503,2 теңге, рубльдікі – 4,95 және 5,07 теңге.
29 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 1,92 долларға қымбаттап, 107,2 доллар болды.
Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,49 долларға қымбаттап, 94,09 долларға жетті.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 441,77 теңге, еуроны 502,38 теңге, рубльді 5,23 теңге деп белгіледі.
29 қыркүйектің бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы материалдан оқуға болады.