Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 457,09 теңгені құрап, тағы 1,1 теңгеге өсті.
Рубль бағамы өзгеріссіз қалып, 5,64 теңге болды.
Күндізгі сауда-саттықта қытай юанінің бағамы 68,59 теңгені құрап, 0,33 теңгеге қымбаттады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 455-457,2 теңгеден, еуро 504,7-508,6 теңгеден, рубль 5,38-5,53 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
28 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.
ICE Futures электрондық сауда алаңында қаңтар айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,62%-ға өсіп, барреліне 111,18 доллар болды.
NYMEX электрондық сауда алаңында желтоқсан айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,91%-ға қымбаттап, барреліне 101,81 долларға жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 455,63 теңге, еуроны 507,89 теңге, рубльді 5,65 теңге деңгейінде белгіледі.