Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,22 теңгеге төмендеп, 453,71 теңгені құрады.
Рубль бағамы 5,64 теңге деңгейінде қалды.
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 68,20 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,38 теңгеге төмен.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 452,5–454,4 теңгеден, еуроны 502,4–506,6 теңгеден, рубльді 5,35–5,47 теңгеден сатып алып, сатып жатыр.
29 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр.
ICE Futures электрондық саудасында қаңтар айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,07%-ға төмендеп, барреліне 110,45 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,38%-ға арзандап, барреліне 101,36 долларды құрады.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 457,09 теңге, еуроны 508,42 теңге, рубльді 5,67 теңге деңгейінде белгіледі.