19 қарашадағы саудада доллар бағамы 4,5 теңгеге жуық өсті

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 19 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды. Сауда қорытындысында АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 4,47 теңгеге өсіп, 448,72 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублі 0,05 теңгеге қымбаттап, 5,46 теңгеге жетті. Қытай юанінің бағамы 0,57 теңгеге өсіп, 67,16 теңге болды.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде долларды 449,1 теңгеден сатып алып, 451,4 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 492,4 теңге, сату бағамы – 497,1 теңге. Рубльді тиісінше 5,19 теңгеден сатып алып, 5,31 теңгеден сатады.

19 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,05%-ға қымбаттап, барреліне 92 долларға жетті. Ал америкалық WTI мұнайының желтоқсан айындағы фьючерстері 0,31%-ға арзандап, барреліне 83 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 444,16 теңге, еуроныкін 487,29 теңге, рубльдікін 5,4 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 19 қарашада түске дейін шетел валютасы қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады