Доллар тағы қымбаттады: Айырбастау пункттерінде бағам қандай

Фото: freepik
2026 жылғы 26 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 48 тиынға өсіп, 458,85 теңге болды.

Ресей рублі 2 тиынға қымбаттап, 5,58 теңгеге жетті. Қытай юанінің бағамы 25 тиынға өсіп, 68,94 теңге болды.

Айырбастау пункттерінде долларды 456,4 теңгеден сатып алып, 458,5 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 500,7 теңге, сату бағамы – 505,2 теңге. Рубльді 5,25 теңгеден сатып алып, 5,35 теңгеден сатады.

26 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері барреліне 95,33 доллардан саудаланып жатыр. Бұл алдыңғы сауданың жабылу бағасынан 0,76%-ға жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электрондық саудада WTI мұнайының қаңтар фьючерстері 0,88%-ға қымбаттап, барреліне 84,42 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 458,57 теңге, еуроныкін 501,54 теңге, рубльдікін 5,57 теңге деңгейінде белгіледі.

26 қарашада күннің бірінші жартысында Қазақстанның айырбастау пункттерінде шетел валютасы қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден оқи аласыздар.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді