Шошқаның еті неліктен арам?

caravan.kz
Төртеуін шапса, ол сегізге айналады. Шошқаны қанша бөлшектесе, сонша есеге көбейе беріпті.

Дәуіт пайғамбар бір дінбасының қатты бұзылғанын естиді. Дінбасы түнде әйелі де, өзі де көңілдестерімен бір үйде зина жасайды, күндіз халыққа уағыз айтады екен деп жазады qazaly.kz.

Дәуіт анық-қанығын білу үшін бір батырын жұмсайды. Ол дінбасын іздеп келеді. Қараса әйелі екеуі көңілдестерімен сайран құрып отыр екен.

Батыр ашуланып, барлығын шауып тастайды. Дінбасының бөлінген денесінен екі шошқа пайда болады.

Ол екеуін де шабады. Бірақ ол төртке көбейеді. Төртеуін шапса, ол сегізге айналады. Шошқаны қанша бөлшектесе, сонша есеге көбейе беріпті.

Амалы құрыған батыр пайғамбарға келеді:

- Ей, Дәуіт, дінбасыны өлтіріп едім, шошқаға айналды. Шошқаны өлтірсем, көбейе береді. Не істеймін? - дейді. Дәуіт:

- Дінбасы Алланың кәріне ұшыраған. Жер қабылдамады. Азғаны үшін шошқаға айналды. Енді Қияметке дейін араларыңда шошқа болып өмір сүреді. Одан қашық жүріңдер, - депті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі