iPhone құрылғысына қауіп төндіретін функцияның аты аталды

hippopx.com
Wi-Fi желілеріне автоматты түрде қосылу жайлы сөз болып отыр, оны өшіріп отыру керек.

Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Зак Дофман iPhone қолданушыларының назарын құрылғыларына қауіп төндіретін функцияға аудартады, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, бұл арада Wi-Fi желілеріне автоматты түрде қосылу жайлы сөз болып отыр, оны өшіріп отыру керек.

Ол үшін "Байланысқа қосылуға сұраным" және "Нүктеге автоматты түрде қосылу" бөлімдеріне өтіп, "Сұрану" өрісіне белгі қою керек.

Ашық байланыс нүктесі параметрлері шабуылдаушыларға жаңа байланыс көзін ашуға және оған танымал қоғамдық желілердің атымен атау беруіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде, алаяқтар трафикті ұстап ала алады немесе Интернетке қосылған күй танытып, оны Интернеттен ажыратады, - деді ол.

Сарапшы мұндай ашық байланыс нүктелеріне қосылу кезінде логин мен парольді енгізу процедурасынан өтуде пайдаланушылар зиянды бағдарламаны "жұқтырып" алуы мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ, маман Wi-Fi-дың жалпыға қолжетімді нүктелерін пайдаланудан бас тартуға және ұялы байланысқа басымдық беруге кеңес береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады