Ғалымдар мидың қызметін тежейтін сусындар мен тағамдарды атады

Сурет: pixabay
Ғалымдар үш тағам ми жұмысын әлсіретіп, мезгілсіз өлімге әкелуі мүмкін екенін анықтады. Зерттеу Stroke және Annals of Neurology ғылыми журналдарында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдар жасанды түрде тәттілендіріліп, газдалған сусын миға зиян екенін анықтады. Бұл сусынды он жыл бойы ішкен зерттеуге қатысушыларда деменцияның даму қаупі жоғары болды.

Құрамында транс майлары бар кондитерлік өнімдер де зиянды. Зерттеу қанықпаған транс май қышқылының деңгейі жоғары қатысушыларда  деменцияның даму қаупі жоғары екенін көрсетті.

Сондай-ақ, пицца да ми қызметі мен есте сақтау қабілетін төмендететіні анықталды, әсіресе балаларда.

Зерттеуге 6000 ересек пен 4000 бала қатысқан. Ғалымдар бұл тағамдарды жеу мезгілсіз өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті, деп жазады "КТВ-Луч".

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды