Тырнақ жасату: дәрігерлер маникюрдің белгілі бір деңгейде қаупі барын ескертті

Сурет: pxhere
Тері қатерлі ісігіне қарсы қордың (SCF) дәрігерлері маникюрдің денсаулыққа тигізуі ықтимал қаупі барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

20minutos басылымына берген сұқбатында олар танымал процедура тері қатерлі ісігінің өрбу қаупін арттыруы мүмкін екенін айтқан.

"Маникюр шамдары ультракүлгін сәуле шығарады, ол терінің ерте қартаюымен де, қатерлі ісікпен де байланысты қауіптер тудыруы мүмкін", – дейді мамандар.

Дегенмен, дәрігерлер бұл реттегі қауіп әсерін азайтуға болатынын айтады. Ол үшін процедурадан 20 минут бұрын қол терісіне күннен қорғайтын крем жағуға кеңес беріледі. Ол сирек кездесетін, бірақ агрессивті тырнақ асты қатерлі ісігінен қорғамаса да, ультракүлгін сәуленің теріге әсерін азайтуда көмек бола алады екен. 

Бұған дейін қазақстандықтардың денсаулықтарына көбірек көңіл бөле бастағанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды