Қандай әдеттер инсульт қаупін арттырады

Фото: pixabay
Қан тамырлары хирургы Анахита Дуа қандай әдеттер инсульт қаупін арттыратынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail-ге берген сұхбатында ол инсультті жақындататын алғашқы әдет ретінде отырықшы өмір салтын атады, өйткені бұл метаболизмнің бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты қандағы қант пен майдың деңгейі жоғарылайды және пайдалы холестерин деңгейі төмендейді, бұл тамырлардың зақымдалуына және онда холестерин бляшкаларының жиналуына себеп болады. Кейіннен тромбоз, гипертония және қант диабеті дамуы мүмкін.

Сарапшы дұрыс тамақтанбау жүрек-қан тамырлары денсаулығына кері әсер ететінін атап өтті. Тұзды және майлы, өңделген тағамдарды, фаст-фудты шамадан тыс пайдалану кезінде тамырларға айтарлықтай зақым келеді. Осыған байланысты артерияның диссекциясы мен қан қоюлауының пайда болу қаупі артады.

Сондай-ақ, дәрігер темекі шегуге, мөлшерден аз ұйқы мен дәрігердің мерзімді бақылауына бармаудың да зиянды екенін айтып өтті.

Бұған дейін көлікті қысқа қалай дайындау керектігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты