Алматыда кімдер су есептегіш құрылғыларын ауыстыруы керек: тұрғындарға жаңа талаптар түсіндірілді

Счетчик воды, счетчики воды, водяной счетчик, водяные счетчики, водомер, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 10:37 Фото: pixabay
Қазақстанда су есептегіштеріне қойылатын жаңа талаптар енгізілді. Осыған байланысты 2026 жылғы 23 қазанда Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітілген өзгерістерге орай "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі 4 қарашада тұтынушыларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, су есептегіштерін алғаш рет орнату, жоспарлы және жоспардан тыс ауыстыру кезінде көрсеткіштерді қашықтан жіберетін құрылғылар орнатылуы керек.

Бұл талап пәтерлерге, жеке тұрғын үйлерге және заңды тұлғалардың нысандарына қолданылады.

Су есептегіші істен шыққан, тексеру нәтижесінде пайдалануға жарамсыз деп танылған немесе пайдалану мерзімі аяқталған жағдайда ауыстырылуға тиіс.

"Жарамды су есептегішін ауыстыру қажет емес! Бұрын орнатылған құрылғыны мерзімді тексеруден уақытылы өткізіп, әрі қарай пайдалануға болады", – деп түсіндірді "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 4 қарашада мамандар Алматы тұрғындарына дымқыл майлықтарды, пакеттерді, тамақ қалдықтарын және басқа да тұрмыстық қоқысты унитазға тастауға болмайтынын тағы да еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: