Қазақстанда металл сынықтарын жинауға қойылатын талаптар жаңартылды

Утилизационный сбор, утильсбор, утилизация машины, утилизация машин, утилизация, утиль, металлолом, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 09:58 Фото: unsplash
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 28 қыркүйектегі бұйрығымен металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға қойылатын рұқсат беру талаптары жаңа редакцияда бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мына талаптарға сай болуы тиіс:

  • санитариялық-эпидемиологиялық, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік база;
  • түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдауға арналған көлік құралы (жүк көлігі және/немесе басқа автокөлік);
  • автокөлік кіретін жолдары және/немесе тұйық кірме теміржол жолдары бар жер учаскесі;
  • түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулық;
  • кәсіпорынның штаттық кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеуге білікті персонал;
  • Экологиялық кодексте көзделген жағдайларда қызмет түріне сәйкес экологиялық рұқсат немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация.

Мамандандырылған өндірістік база және филиалдары болған жағдайда, оларда:

  • қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі және пропан баллондарын сақтайтын орындар;
  • сынықтарды жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайлар немесе асфальтталған, бетон не басқа да қатты жабындысы бар орындар. Түсті металл сынықтары топтары, түрлері, маркалары мен сорттарына қарай бөлек сақталуы тиіс;
  • түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және престеуге арналған арнайы алаңдар немесе жабдықтар мен құралдары бар өндірістік үй-жайлар;
  • өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған жарылыс қаупі бар түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлер;
  • кәсіпорында бекітілген технологиялық процеске сәйкес жүк көтерімділігі жеткілікті стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар;
  • түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге және бөлшектеуге арналған жабдықтар, сондай-ақ сынықтарды қайта өңдеуге арналған престер және/немесе гидравликалық қайшылар;
  • жарамды тексеру сертификаты бар өлшеу құралдары (автомобиль немесе теміржол таразылары және басқа да өлшеу құралдары);
  • радиация деңгейін өлшеуге арналған, мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген және жарамды тексеру сертификаты бар дозиметрлік немесе радиометрлік жабдық болуы тиіс.

Қабылдау пунктінде:

  • өлшеу құралдары (автомобиль немесе теміржол таразылары және/немесе басқа өлшеу құралдары);
  • қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілі екенін растайтын құжаттар;
  • жүк көтерімділігі технологиялық процеске сәйкес келетін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар;
  • көрінетін жерде қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілі екені, атауы, БСН-ы, жұмыс режимі және металл сынықтарын сатып алу бағалары көрсетілген маңдайша, сондай-ақ заңды тұлғаның ресми сайтында (болған жағдайда) тиісті ақпарат болуы;
  • түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының келіп түсуі туралы мәліметтер, қабылдау-тапсыру актілері және бухгалтерлік есептің басқа да құжаттары көрсетілетін есепке алу журналдары немесе электрондық есепке алу журналдары болуы тиіс.

Талаптарға жаңа ескерту де енгізілді.

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар рұқсат алғаннан кейін:

  • қабылдау пункттерін тұрғын аймақтар мен жекелеген қоғамдық ғимараттардың шекарасынан қауіпсіз қашықтықта, яғни кемінде 9 метр жерде орналастырады;
  • түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу мақсатында оларды тек заңды тұлғаның немесе оның филиалдарының өндірістік базасы аумағынан жөнелтеді;
  • қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын сатып алу-сату шарты және/немесе оларды қабылдау туралы жүкқұжат негізінде қабылдайды;
  • металл сынықтарын өткізетін тұлғаларға төлемді ҚР төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Сонымен қатар олар:

Қарапайым серіктестіктерден немесе жеке тұлғалардан, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, шаруа немесе фермер қожалықтарын қоспағанда, теміржол рельстерін, теміржол жолының және жылжымалы құрамның элементтерін, кәріз люктерінің қақпақтарын қабылдамайды.

Жоғарыда көрсетілген талаптар заңды тұлғаларға түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау және дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметіне рұқсат беру кезінде тексеруге жатпайды.

Бұйрық 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: