Жаңалықтар тізбегі
0

Металл сынықтарын жинауға, өңдеуге және сатуға қалай рұқсат алуға болады

Утилизационный сбор, утильсбор, утилизация машины , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 10:12 Фото: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2024 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрықпен заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет болып табылады және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (ЖАО) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге (ЖАО) электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы құжаттарды жіберу қажет:

  • ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін рұқсат алымының бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер;
  • Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
  • "түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде рұқсат беру талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен белгіленген рұқсат беру талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі туралы құжаттар.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде — көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыға жібереді.

Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға келісуге сұрау салуды жібереді.

Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салу жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.

Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген болып есептеледі.

Бұйрық 2024 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: