Қазақстанда металл сынықтарын экспорттауға тыйым тағы ұзартылды

Утилизационный сбор, утильсбор, утилизация машины, утилизация машин, утилизация, утиль, металлолом, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 09:23 Фото: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 14 сәуірде қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауды реттеу мәселелері жөніндегі бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан барлық көлік түрлері арқылы алты ай мерзімге келесі өнімдерді сыртқа шығаруға тыйым салынады:

  •  мыс, алюминий, қорғасын және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар өзге де металл сынықтары мен қалдықтары, сондай-ақ сұрыпталмаған не аталған заттар жоқ қалдықтар;
  •  қара металл сынықтары мен қалдықтары, қайта балқытуға арналған құймалар (шихта), пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол инфрақұрылымының элементтері және жылжымалы құрам бөлшектері.

Бұйрық 2026 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Қазақстанда қара және түсті металл сынықтарын экспорттауға тыйым өткен жылдан бері қолданылып келеді және оның мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: