Сүт өнімдерінен бас тарту ішек обырының қаупін арттыруы мүмкін – дәрігерлер

Сурет: pexels
Дәрігерлердің айтуынша, тағам рационында сүт өнімдерінің азаюы ішек қатерлі ісігінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар бұл жағдайды ағзаға кальцийдің жеткіліксіз түсуімен байланыстырады. Ал кальций ішек ауруларының, соның ішінде қатерлі ісіктің алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Шетелдік ғалымдардың мәліметінше, күніне қосымша 300 миллиграмм кальций қабылдау (шамамен бір үлкен стақан сүтке тең) ішек обырының даму қаупін азайтуы мүмкін.

Daily Mail басылымының жазуынша, зерттеу барысында ғалымдар 542 мың адамның тамақтану әдетін талдаған. Нәтижесінде кальцийге бай тағамдар мен сусындар, мысалы сүт пен йогурт, асқазан-ішек жолы обырының қаупін төмендететіні анықталған.

Сонымен қатар зерттеушілер көп мөлшерде ірімшік пен балмұздақ тұтыну мұндай қорғаныс әсерін бермейтінін де атап өтті.

Айта кетейік, жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептіге теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын алдымен маманмен кеңескеніңіз жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған