Алматыда кәріз жүйесінің бітелуіне себеп болатын қалдықтар аталып, тұрғындарға ескерту жасалды

Сурет: Instagram/almatysu_
Ылғалды майлықтарды, пакеттерді, тамақ қалдықтарын және басқа да тұрмыстық қоқысты унитазға тастауға болмайды. Бұл туралы 2026 жылғы 2 қарашада "Алматы Су" компаниясы қала тұрғындарына ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар мұндай қалдықтар кәріз желілерін бітеп, апаттық жағдайларға әкелетінін және су бұру жүйесінің жұмысын қиындататынын тағы бір мәрте еске салды.

Компания өкілдері кәріз жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін оның тазалығы мен жарамдылығын күн сайын қадағалайтын мамандардың еңбегі зор екенін атап өтті.

"Кәріз жүйесі қоқыс жәшігі емес! Өзгенің еңбегін құрметтеңіздер. Кәріз жүйесін бітемеңіздер", – деп үндеу жасады ұйым өкілдері.

Бұған дейін "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қалада суға арналған жаңа тарифтер қолданысқа енгізілгенін еске салып, тұрғындарға артық төлем жасамау үшін есептегіш құралдарын тексеруге кеңес берген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды