Алматы автобустарында шаңғы, сноуборд пен шананы алып жүруге бола ма

Фото: Zakon.kz
Қыс мезгілінің басталуы мен белсенді демалыс маусымына орай "Алматыэлектротранс" ЖШС қалалық қоғамдық көлікте қысқы спорт жабдықтарын, соның ішінде шана, сноуборд, шаңғы және басқа да құралдарды тасымалдау ережелерін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздегі қалалық қоғамдық көліктерде (автобус, троллейбус, трамвай және метро) спорт жабдықтарын тасымалдау жолаушылардың қол жүгін тегін алып жүру нормалары мен тасымалдаушылардың ішкі ережелері арқылы реттеледі.

Қоғамдық көлікте қандай спорт жабдықтарын алып жүруге болады?

Өлшемі мен салмағы

Қалалық қоғамдық көлікте өлшемі 60×40×20 сантиметрден, ал салмағы 20 келіден аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге рұқсат етіледі.

Қауіпсіздік талаптары

Спорт жабдықтары басқа жолаушыларға кедергі келтірмейтіндей, киімдері мен жабдықтары көлік салонын ластамайтындай және жарақат алу қаупін тудырмайтындай етіп қапталып, орналастырылуы керек.

Шағын спорт жабдықтары

Сөмкедегі доптарды, шағын ракеткаларды, қаптағы роликтерді және белгіленген өлшемнен аспайтын фитнес жабдықтарын тегін алып жүруге болады.

Шаңғы мен сноуборд

Қыс мезгілінде немесе жаттығуға барар кезде көлемді спорт жабдықтарын арнайы қапқа салып тасымалдауға рұқсат етіледі. Алайда олар жолаушылар өтетін жол мен шығатын есіктерді бөгемеуі керек.

Велосипед пен электрсамокат

Қазақстандағы қалалық автобустардың салонында велосипед тасымалдауға тыйым салынбаған. Дегенмен, бұл салонның толуына байланысты. Велосипед жолаушылардың жүруіне кедергі келтірмеуі тиіс.

Спорттық атыс қаруы

Егер спорттық атуға арналған қару (мылтық, тапанша) тасымалданатын болса, оның қозғалысы Ішкі істер министрлігінің қару айналымы туралы бұйрығымен қатаң реттеледі. Қару оқталмаған күйде, оқ-дәрілерден бөлек, арнайы қапта, кобурада немесе футлярда тасымалдануы керек. Сонымен қатар тиісті рұқсат құжаттары болуы қажет.

Жолаушыларға арналған кеңестер

Шаңғы, сноуборд және велосипедті тасымалдаған кезде арнайы қаптарды пайдаланыңыз.

Көлемді спорт жабдықтарымен қарбалас уақытта қоғамдық көлікке мінбеген жөн.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді