Қара түстің орнын басатын жаңа реңк: стилист маусым трендін атады

Қара түстің орнын басатын жаңа реңк: стилист маусым трендін атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 11:35 Сурет: Telegram/Александр Рогов
"Сәнді үкім" шоуының стилисті әрі жүргізушісі Александр Рогов 2026 жылдың күз-қыс маусымындағы басты түс трендін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Telegram-арнасында гардеробтағы үйреншікті қара түстің орнын графит реңкі басуы мүмкін екенін атап өтті.

"2026 жылдың күз-қыс маусымында графит түсі қара түске балама болады. Қанық, ұстамды әрі әмбебап реңк кез келген гардеробқа оңай үйлесіп, түрлі түстерді үйлестіруге негіз болады", – деді стилист.

Сондай-ақ Рогов графит түсімен ерекше жарасатын реңктерді атады. Олардың қатарында:

  • шоколад түсті;
  • кобальт көк;
  • бордо;
  • нәзік қызғылт;
  • хаки түстері бар.

Маман күнделікті киім үлгілерінде түс үйлесімдерімен тәжірибе жасап, қарама-қайшылықтарға мән беруге және қою сұр түсті негізгі реңк ретінде пайдалануға кеңес береді.

Бұған дейін сән дизайнерлері 2000 жылдардағы танымал киім үлгісін қайтадан сәнге қосқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: