Қазақстанға 30 градустық аяз келеді

Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 желтоқсанына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары, қыстың жақындап қалғанын сезінетін болады.

Жылы Оңтүстік циклонды алмастыру үшін, Атлант аймағынан суық антициклон қозғалуда.

Суық ауа массаларымен қоректенетін ол жауын-шашынның тоқтап қалуына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсететін болады.

Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай салқындау күтілмейді.

Қызылорда Өскемен Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: