Беделді халықаралық өнеркәсіп тобының мәртебелі марапаттары қазақстандық және шетелдік өнеркәсіп жабдығын өндірушілер, қызмет ұсынушылар мен қаржылық серіктестеріне бұйырды.
Компания осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан байқауды қорытындылап, түрлі аталымдар бойынша 21 жеңімпазды анықтаған. Байқауда биылғы күнтізбелік жыл ішінде топтың барлық кәсіпорындарында тауар, жұмыс пен қызмет көрсетуге байланысты жарияланған сатып алуларда жеңіске жеткен кез келген жеткізуші қатыса алды. Өнім берушінің қай қалада орналасқаны маңызды емес. Отандық жеткізушілер жеке аталымда марапатталады.
Мұндай арнайы марапат тағайындап, тапсыру туралы Еуразиялық топтың тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы орталықтандырылған операторы – «ERG Коммерция орталығы» бастама көтерген. Орталық жұмысының ең маңызды бағыты – Еуразиялық топтың жеткізушілерімен өзара тиімді әрекеттестік.
«ERG Supplier Award» жүлдесі – бірінші кезекте жоғары сапа, сенімділік пен мінсіз сервиске берілетін баға. Біз жеткізушілеріміздің тұтынушыға бағдарланғандығы мен икемділігін жоғары бағалап, серіктесті мұқият таңдаймыз. Осы орайда, біздің серіктестеріміздің қатары жыл сайын отандық жаңа компаниялармен толығып келе жатқаны қуантады.ERG Коммерция орталығының Бас директоры Руслан Мулюкбаев.
Жеткізушілермен өзара тиімді қарым-қатынасты нығайту ERG Коммерция орталығының басым бағыттарының бірі. Компания серіктестерінің қатарын отандық тауарөндірушілермен жыл сайын кеңейтіп, өнім берушілер жеткізетін тауар мен қызмет сапасына баса мән береді. Себебі, ERG кәсіпорындары шығарған өнеркәсіп өнімдері халықаралық нарықтарға жөнелтіліп, Қазақстанның экспорттық әлеуметін арттырып отыр.
Біздің топпен сенімді серіктестік орнатқанымызға 10 жылға жуықтады. Өз аталымымызда осымен екінші мәрте жеңіске жетіп отырмыз. Біз үшін бұл «сенім белгісі, өніміміздің сапасына жоғары баға, отандық электротехникалық жабдықтар өндіру мәдениетін қалыптастыру қамындағы 20 жылдан астам уақыт бойы атқарылған жұмыстың бағасы» деп білеміз. ERG сынды алып халықаралық компанияның бізге сенім артқанын мақтан тұтып, өзіміз өндіретін тауарлардың сапасын жақсарту мен аталымын ұлғайту қамындағы жүйелі жұмысты жалғастырамыз.«Alageum Electric» АҚ басқарма төрағасы Олжас Есіркепов
Марапатталғандар арасында сирек әрі күрделі өнім шығаратын отандық кәсіпорындар да аз емес. Мәселен, Риддер тау-кен шахта жабдығы зауыты осы саладағы жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етуге септесіп келеді. «Казогнеупор 2015» ЖШС – шамот пен электрокорундасы негізінде алюминийсиликатты отқа төзімді қоспа әзірлейтін ірі өндірушілердің бірі. Жеңімпаздардың барлығы дерлік өз міндетіне жауапты, олардың өнімі мен сапа мен баға теңгерімінде ұтымды, әрі жеткізу мерзімдерін мұқият сақтаумен ерекшеленеді.
Сурет: ERG коммерциялық орталығының баспасөз қызметі
Топтың өзге де ірі серіктестері төмендегі аталымдарда марапатталды:
«Тау-кен және шахта жабдықтары» – ЧАО "Новокраматорский машиностроительный завод" және "НПО Казгеомаш" ЖШС;
«Тасымал жабдығы» –"Риддерский завод горно-шахтного оборудования" ЖШС;
«Сорғы және сорғы жабдықтары» – "Казахстанское промышленное предприятие" ЖШС;
«Энергетикалық жабдықтар» – "Alageum Electric" АҚ;
«Техника, көлік пен қосалқы бөлшектер» –"СВС-ТРАНС" ЖШС;
«Мінсіз сервис» – «Борусан Макина Казахстан» ЖШС
«Бұрғылау құралдары» –"Научно-производственная компания "Казбурпром" ЖШС мен "Эпирок Центральная Азия" ЖШС;
«Отқа төзімді бұйымдар» – "Казогнеупор 2015" ЖШС;
«Техникалық сұйықтық пен жағармай материалдары» – "ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия" ЖШС;
«Реагенттер» – "Торговый дом "Павлодарская соляная компания" ЖШС;
«Кәсіби қызметтер» – "Капитал-Авто" ЖШС;
«Құрылыс-монтаж жұмыстары» –"Стальмонтаж" ЖШС фирмасы мен "Темиртауский Казмеханомонтаж №2" ЖШС;
«Жеке қорғаныс құралдары» – "Энергоконтракт С.А. " ЖШС мен "Меридиан" АҚ;
«Ыдыс пен ыдыс материалдары» – ООО "Интерпак";
«Күрделі құрылыс» – "NFC Kazakhstan" ЖШС.
Топ серіктесі атанғыңыз келсе, толымды ақпаратты арнайы сатылым порталынан таба аласыздар: torgi.erg.kz.