Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында карантинді бұзушылардың тізімі жарияланды

Сурет: Zakon.kz
14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін елорданың "қызыл" мәртебесі бар тағы 24 тұрғынына 30 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Карантинді бұзушылардың тізімі Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып, қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.

"Қызыл" мәртебесі бар аталған тұрғындар ASHYQ бойынша жұмыс істейтін объектілерде қызметтерді пайдалануға тырысты. Бұл мейрамханалар, бассейндер, СОО және ТД, базарлар, әуежай және басқа да нысандар.

Айта кету керек, кейбір азаматтардың карантиндік шектеулерді сақтамауы аурудың көбеюіне әкеліп соқты, соның салдарынан елорда "жасыл" аймақтан "сарыға" ауысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда тәуліктік орташа ауру деңгейі 70-76 жағдайды құрайды. Егер тұрғындар уақытында вакцинацияланса, адамдар көп жиналатын жерден аулақ болса, бетперде киіп, байланыста болған адамдар үй карантині режимін сақтаса, КВИ инфекциясының алдын алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, қауіпті инфекцияға қарсы жалғыз тиімді құрал вакцинация болып қала береді. Тек жаппай вакцинация COVID-19-бен күресуге көмектеседі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді