Алматыда жаңа бағытта жолаушылар автобусы қатынайды

Сурет: alatransit.kz
Алматыда 30 желтоқсаннан бастап жаңа бағытта №55 автобус қатынайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz

Жаңа маршрут Абай даңғылы бойымен Өтеген батыр көшесінен Алатау даңғылына дейін созылады, содан кейін төмен қарай Райымбек даңғылына дейін барып, оңға бұрылады. «Молл Апорт» СОО аялдамасынан кейін кері бағытта Райымбек даңғылына бұрылып, содан ары қарай жылжиды. Одан соң «Алтын орда базары» аялдамасынан қайта бұрылып, Барлық базарына кіреді, одан әрі Алатау даңғылына бұрылып,  жоғарыда көрсетілген сызбаға сәйкес кері бағытта қатынайды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бастапқыда жаңа бағыт бойынша 7 автобус қызмет көрсетеді, кейіннен жолаушылар ағымына қарай автобус саны көбейтілетін болады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады