Маңғыстауда 500-ден астам сотталушы рақымшылыққа ілігеді

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт сотталғанға қатысты рақымшылық бойынша сотқа жолданған жадығат қаралып, Ақтау қалалық соты қаулысымен қанағаттандырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz. мәліметі бойынша, Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысы Алтынбек Қалиевтің айтуынша, бұл шара мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын босатуға бағытталған. А.Қалиев атап өткендей, қазіргі таңда рақымшылық жасау туралы Заңның қолданысына 555 сотталған кіреді: мекемелер бойынша – 11 және пробация қызметі бойынша – 544.

Барлық істер сотқа жолданып, 55 өтініш қаралды, оның ішінде қырық төрт адам жазадан босатылды, ал 11 адамның жаза мерзімі қысқартылған.

Сотталғандардың жеке істері мұқият қаралып, зерделенді. Рақымшылық заңына сәйкес соттың қаулысымен мекемеден кәмелетке толмаған балалары бар төрт сотталған әйел мерзімінен бұрын босатылып шықты. Сотталғандардың жеке істері мұқият қаралып, зерделенді. Рақымшылық заңына сәйкес, соттың қаулысымен мекемеден кәмелетке толмаған балалары бар төрт сотталған әйел мерзімінен бұрын босатылып шықты. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД басшысы Алтынбек Қалиев

Айта кету керек, 30 жыл ішінде Қазақстанда сегіз рақымшылық жасалды, оның төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы