Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 25 қазанда еліміздің төрт қаласында ауа сапасы деңгейінің нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"25 қазанда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 25 қазанда Қазақстанның 15 облысы мен Алматы қаласында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript