14 қаңтарға арналған ауа райы

Қазақстандық синоптиктер 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік аумақта жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. "Қазгидромет" РМК

Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Ал облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыста, оңтүстікте, Атырау облысының орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз батыста, облыстың орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз облыс орталығында жел 15-22 м/с-ке күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында бұрқасын күтіледі, күндіз батыста, облыс орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында боран соғады, түнде облыстың батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде боран соғады.

Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: