Ол «Хабар 24» телеарнасында сөйлеген сөзінде Алматы трагедиясының хронологиясын баяндады.
Мен бірінші күннен бастап қантөгіс оқиғалардың ошағында жүрдім. Қылмыскерлердің алдын ала дайындалған шабуылына куә болдым. Олар арнайы техникаларды, автобустарды басып алып, құқық қорғаушыларға қарсы шықты. Бақылау камералары барлық жерде жойылды. Қылмыс жасау үшін қолға түскен барлық құралдарды қолданды. Мысалы, жеке құрам орналасқан прокуратура объектілерінің бірі отқа оранды. Өрт уақытылы сөндіріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев
Алматы прокурорының айтуынша, қылмыскерлер қару-жарақ дүкендерін құқық қорғаушыларға қарсы шығып, қарапайым халыққа сес көрсету мақсатында тонаған. Түрлі нысандарды өртеп, жедел жәрдем мен өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтірді.
Біз оларды ашуға булыққан қарапайым шерушілер деп ойладық. Сондықтан да оларға қарсы қару қолданылған жоқ. Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев
Берік Жүйріктаев қазір олардың наразылық акцияларын өз мақсаттары үшін қолданғанын айтты. Олар көшеге шыққан бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды.
5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен террористер қылмыс жасады. Бейбіт шеру осымен аяқталған болатын. Біз терроризм актілеріне тап болдық. Қала әкімдігінің ғимараты, Президент резиденциясы мен әуежайды басып алды. Олардың алдын ала дайындалған іс-әрекеттері мен қатыгездігі өзара ұйымдасқан шабуылдық әрекетті көрсетті.Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев
Сөз соңында прокурор азаматтардың өмірін қорғау жолында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ "Алматы трегедиясы" салдарынан зардап шеккендерге көңіл айтты.
Тақырыпқа орай оқи отырыңыз