БҚО тұрғыны қардан мешіт «тұрғызды»

Сурет: видеодан алынды
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан аппақ мешіт тұрғызды. 20 күн бойы қолынан күрегі түспеген еңбекқор жігіт бұл іске үш тоннадай қар жұмсапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақ ұлпадан жасалған мешіт макеті - облыс орталығындағы Орал мешітінің көшірмесі. Жас шебер ғимараттың шыны күмбезі мен оюлы мұнарасын, баспалдақтары мен бағаналарын айнытпай жасап шығарыпты. Мешіттің биіктігі мұнараларымен қоса есептегенде 4 метрге жуықтайды, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.

Қар салып-салып, тығыздап, содан кейін уже күмбезіне коробка құрдым. Бір жағынан ауа райы да кішкене кедергі болды жасауымызға, еріп кетті алдында. Содан қайтып тұрғызып, қайтып құрадым енді. Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев

Жас шебер осы туындысын әлеуметік парақшасында жариялапты. Оның бұл ісіне желі қолданушылары тәнті болған. Жас сәулетші бұған дейін ақ ұлпадан көлік жасаған екен. Ал мұндай көлемді ғимаратты алғаш рет жасап отыр.  Енді ақ мешітті түрлі түсті шамдармен безендірмекші.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған