Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады

Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 17:17 Сурет: Шымкент әкімдігі
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Нұрлыбаев көшесі, №22 тозығы жеткен үйде тұрған 7 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды. Қоныс аудару Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасының бір кезеңі саналатын реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, тұжырымдама іске асырыла бастағаннан бүгінге дейін 135 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Пәтерлер Shymkent City және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен беріліп отыр.

Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 17:17

Сурет: Шымкент әкімдігі

Жаңа пәтерлер толық әрленген және қоныстануға дайын. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету кезінде бұрынғы пәтерлерінің ауданы мен бөлме саны ескеріледі.

Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 17:17

Сурет: Шымкент әкімдігі

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шаһар басшысы отбасыларды маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа қоныстарында амандық, отбасылық береке мен жылулық тіледі.

Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 17:17

Сурет: Шымкент әкімдігі

Еске салайық, Көксай аумағын жаңарту тұжырымдамасы баспана қорын кезең-кезеңімен жаңартуды ғана емес, инженерлік инфрақұрылымды дамытуды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды да көздейді.

Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 17:17

Сурет: Шымкент әкімдігі

Тұрғындарды көшіру – аумақты жаңарту мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы өзгерістердің маңызды бөлігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: