Қазпошта өндірістік қызметкерлерінің жалақысын көбейтеді

Сурет: Zakon.kz
«Қазпошта» АҚ пошташылардың, операторлардың, жүргізушілердің, экспедиторлардың және компанияның басқа да өндірістік қызметкерлерінің жалақысын индексациялады, деп хабарлайды Zakon.kz

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазпошта» АҚ өндірістік қызметкерлерінің 93,5%-ының жалақысы көтеріледі.

Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Қоғам басшылығы 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап компанияның өндірістік персоналының – шамамен 14 мың адам немесе Қоғамның жалпы штат санының 93,5%-ының жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады.

«Қазпошта» АҚ-да жалақыны индекстеу мәселесі өзекті болды, өйткені соңғы рет жалақы 2020 жылдың мамыр айында 10%-ға өсті және содан бері өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ өндірістік, қаржылық және басқа да қызметті тиімді басқару үшін әкімшілік шығындарды оңтайландырып, басқару құрылымын қайта қарайтын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін