Алматыда тауарды тегін беретін дүкен ашылды

Сурет: almaty.tv
Медеу ауданында тұтынушыларға тауарды тегін тарататын дүкен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы телеарнасының мәліметінше әлеуметтік орталықтың бой көтеруіне «Бақытты отбасы» орталығының аналары мұрындық болған.

Осылайша, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуді көздейді. Игі бастаманы іске асыруға аудандық әкімшілік пен кәсіпкерлер қолдау танытып отыр.

Айта кету керек, дүкенге тек әлеуметтік санаттағы отбасылар жүгіне алады. Әлеуметтік дүкен Медеу ауданындағы Халиуллина, 71 мекенжайында орналасқан. Орталықтың салтанатты ашылуында бастауыш сыныпта оқитын 45 балаға тегін сөмке таратылды.

Оның ішінде энциклопедиялар, бояғыш заттар, ермексаздар бар. Сонымен бірге керемет кітапшалар бар. Біз мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды да есептедік. Олардың ұсақ қол моторикасын дамыту үшін арнайы ойыншықтар салынған.Қоғамдық қор әдіскері Ғазиза Жайсанбаева
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды