Тұман түсіп, жел күшейеді: 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
«Қазгидромет» РМК 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Циклон жырасы Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін тигізеді және соған байланысты атмосфералық фронталды бөлімдерде жауын-шашын күтіледі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын түспейді. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігі мен батысында көктайғақ болады.«Қазгидромет» РМК

Ақмола облысының батысында бұрқасын болады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын болып, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады, облыстың оңтүстігін, шығысын тұман басады, облыстың солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын болады, жел 5-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарағанды облысының күндіз батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады, күндіз батысында, орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігін, орталығын тұман басады, күндіз көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде, орталығында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысын және орталығын тұман басады, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар, Алматы облыстарының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Алматы
Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды