2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иелері үй жануарларын тіркеуге қоюы тиіс

Сурет: pixabay
Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды жүзеге асыру туралы» баспасөз-конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Вице-министр Заңды түсіндіре келе, қандай талаптар белгіленгеніне тоқталып өтті.

Заңда, атап айтқанда, жекелеген санаттағы жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй, қараусыз және қаңғыбас жануарларды асырау және ұстау кезіндегі талаптар белгіленген. Сондай-ақ барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу және осындай насихаттың кез келген нысандарына тыйым салу енгізіледі.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова

Сондай-ақ ол 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иелерінен үй жануарларын тіркеуге қою талап етілетінін ескертті.

Тіркеу шығынын иесі көтереді. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға процедураны мемлекет төлеп береді.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова

Қазақстанда Заң күшіне енген кезде қаңғыбас жануарларды қайтарымсыз аулау тәжірибесі тоқтатылып, олардың санын реттеу мемлекеттік бюджет есебінен зарарсыздандыру арқылы ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, жануарларды аулаудың үлгілік қағидаларының жобасы аясында иелік белгілері бар жануарларды зарарсыздандыруға тыйым салуды белгілеу жоспарлануда.

Еске салсақ, мемлекет басшысы 2021 жылы 30 желтоқсанда биылғы жылдың  2 наурызынан бастап күшіне енетін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойған еді.

Заң жобасының толық мәтінін Ашық НҚА сайтынан оқуға болады.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді