Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Сурет: pixabay
Қазақстан халқы наурыз айында мереке мен демалыс күндерін қосқанда 12 күн демалады деп хабарлайды Zakon.kz
Наурыз айында екі ресми мереке бар. Олар Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесі.

Халықаралық әйелдер күні Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын 8 наурызда тойланады. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қолдайды.

2022 жылы қазақстандықтар осы мейрамға орай үш күн демалады. Яғни 6, 7, және 8 наурыз. Ал 5 наурыз сенбі күніне түскенімен ол күні жұмыс істейміз.

Ал әз Наурыз мейрамында қазақстандықтар бірден 5 күн демалады. 19 наурыз сенбіден 23 наурыз сәрсенбіге дейін демалыс күндері болып табылады.

Наурыз мейрамы Қазақстанда 1991 жылы ресми мереке болып бекітілді. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Әртүрлі елдерде емлесі мен айтылуы әртүрлі болуы мүмкін, мысалы: Наурыз, Наврыз, Нұруз, Невруз, Нооруз.

Еске сала кетсек, ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы