ДСМ вакцина паспортының оңды-солды беріліп жатқанына қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Жалған вакцинация паспорты медицина қызметкерінің қателігінен немесе қасақана тіркелуі мүмкін. Қалай болғанда да емделушілер Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласа алады деп түсіндірді Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев, деп хабарлайды Zakon.k

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте журналистер Қазақстанда вакцина алмаған адамдарға вакцина салдырғаны туралы жалған паспорттың тіркелуіне қатысты шағымдардың жиілеп кеткенін хабарлады.

Мәселен, Алматы тұрғыны Қызылордаға ешқашан бармаса да, сол қалада екпенің сәтті өткені туралы SMS-хабарлама алған.

Иә, расында да мұндай фактілер бар. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін: науқас туралы ақпаратты енгізу кезінде медицина қызметкерінің қателесуі, кейбір жағдайларда бұл әдейі жасалады. Осыған орай науқастар Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласа алады.Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев

Ол мұндай жағдайда министрліктің медициналық ұйымға қатысты тексеру жүргізетінін айтты.

Факті расталса, ұйымға айыппұл салынады.

Тіркеу фактісі немесе жалған ақпарат расталса, онда бұл жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры экономикалық тұрғыдан ықпал жасайды, яғни бұрыс ақпарат үшін медициналық ұйымға айыппұл салынады.Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті