Оңайлатылған декларация: салықтар мен әлеуметтік төлемдерді қашан төлеу керек

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері оңайлатылған декларация негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімдеріне қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 688-бабына сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органдарына оңайлатылған декларацияны (910-нысан) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуі қажет.

Негізі, салық кезеңі жарты жыл болып табылады. Осыған сәйкес салық есептілігін ұсынумен қатар есептелген әлеуметтік төлемдерді жарты жылда бір рет төлеу деректері жиі орын алып отыр. Ал бұл өз кезегінде қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бұзу болып табылады.Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдер табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Яғни, әлеуметтік төлемдер ай сайын төленуі шарт.

Тиісінше, әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеліп соғады.

Осыған байланысты, Маңғыстау облысы бойынша МКД есептелген әлеуметтік төлемдерді мерзімінде төлеу қажеттігін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды