Қазақстанның әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны артты – ҚР ИИДМ

Сурет: pixabay
Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына 1,5 млн доллар көлемінде қосымша табыс әкеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, еліміздің аэронавигациялық жүйесі ешбір шектеусіз әуе қозғалысын қабылдай алады.

Ведомство өкілдері әуе кеңістіктерінің жабылуына байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдеріне бағытталған транзиттік рейстердің көпшілігі қазір Еуропаның оңтүстік дәліздері арқылы орындалып жатқанын айтты.

Бұл ретте әуе қозғалысы ағынының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына бағытталды. Соңғы тәулікте елдің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалды.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Министрлік өкілдері Республиканың аэронавигациялық жүйесінің өткізу қабілеті ешқандай шектеусіз әуе қозғалысының қосымша көлемін қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша бірқатар арнайы шаралар қарастырылған:

Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс әкеледі.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды