Петропавлдағы әйелдер колониясында ең әдемі «Томпақ ханшайым» таңдалды

Әйелдер мерекесі қарсаңында Петропавлдағы әйелдер колониясында стандартты емес сұлулық байқауы өтті. Осылайша колониядағылар 90/60/90 стереотипін жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталған әйелдер пішіні, стандарттан тыс бойының ұзындығы және бірегейлігі бойынша жарысты. Байқау соңында жеңімпаз ең әдемі «Томпақ ханшайым» атағын алды.

Жеті қатысушы да киімін өздері тікті. Шығармашылық нөмірлерін 1 ай бойы дайындады. Мекемедегі Петропавл қаласындағы кәсіби колледжінде «Визажист-шаштараз» мамандығында оқитын сотталған әйелдер қатысушыларға көмекке келді.

«Томпақ ханшайымдар» сайыстың әр кезеңінде түрлі костюмдерді киіп, жұртты таңғалдырды. Киімдер арасында пакеттен тігілген көйлектер, 18-ғасырдағы ханшайымдардың киім үлгісі болды. Олар бір-біріне еш ұқсамайды.

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында мұндай ерекше сайыс бірінші рет өткізіліп отыр. Жыл сайынғы сұлулық іс-шараларынан айырмашылығы – әдеттегі 90/60/90 стандартынан алыстауы.

Әдетте, сұлулықтың стандарты әрдайым арық, жоғары бойлы модельдер еді. Бұл жылы біз томпақ әйелдерге көңіл аударуға шешім қабылдадық. Сотталған әйелдер осындай іс-шара өтеді дегенде қатты таңғалды және бір ай бойы өз қолдарымен мерекелік костюмдер жасап, қазылар алқасын қаншалықты әдемі және креативті таң қалдыратыны туралы ойлады.ҚАЖД ЕС-164/6 колониясының баспасөз қызметі

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Біріншісінде әйелдер өзін әдемі және креативті түрде таныстыруы керек. Содан кейін дайындалған бейнелер мен костюмдерді көрсететін "Дефиле" және сотталғандардың ақыл-ойын ашатын "Құпиясы бар сұрақ сайысы" өтті. Бүкіл іс-шараның ерекшелігі әрі әйелдердің актерлік шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беретін – "Эклерлерді жеу" тосын сайысы. Онда қатысушылар эклерді әдемі әрі жылдам, тамсандырып жеуі керек еді.

Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6

Сайыс нәтижесі бойынша "Томпақ ханшайым" атағымен бас жүлдені сотталған Олеся Смольникова, "Жгучая женщина" атағымен 2-орынды Дауренбекова Алия және "Ақын арманы" номинациясымен 3-орынды Татьяна Васенина иеленді.

Жеңісті күтпеп едім. Басынан бастап қатысамын деп те ойламадым. Жасақтағы әйелдер «Сен неге қатыспайсың? Сен өте сұлусың. Жеңіске жетесің. Біз саған қолымыздан келгенше көмектесеміз» деп сендірді. Солай болып шықты. Бұл маған көп күш-қуат пен үміт сыйлады. Залда отырған адамдар барлығы маған шапалақтап, қатты қолдады. Сахнаға шыққанда қорқыныш пен толқуды сезіндім, өйткені бұл менің сахнаға алғаш шығуым десем де болады. Конкурсқа деп 200 пакеттен көйлек тіктік.Байқау жеңімпазы Олеся Смольникова

Сайыс қатысушылары бір сәт жағымсыз ойдан арылып, сергіп қалғанын жеткізді.

Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6

Бүгін мен өте қуаныштымын. 2-орынға ие болдым. Жанымды қинап жүрген ауырлық бүгін әнмен, көріністермен, билермен, күлкімен, қол шапалақпен жойылды. Маған өте ұнады.Cотталған Алия Дәуренбекова

Байқауға қатысушылар риза болып, жағымды эмоция алғанын жеткізді.

3-орынға өте ризамын. "Ақынның арманы" номинациясын иелендім. Мен бүгін өзімді ерекше әдемі сезініп тұрмын. Бұл байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалдым. "Үй тапсырмасы" байқауында мен "Молитва" биін көрсеттім. Біз сахнада шам жақтық. Барлығы өте әдемі болды. Мен сахна сыртына шыққанда сахнаның артында тұрған сотталған әйелдер бұл би бәрін қатты толқытқанын айтты. Мен дәл осындай реакцияны күттім. Осы би арқылы Мен Құдайға бет бұрдым. Өз жанымның барлық азабын жеткізгім келді. Бостандықта қызым бар, қатты сағындым. Би билегенде қызым ойымнан кетпеді. Соңында шам ұстап тұрғанда, жылап жібердім.Сотталған Татьяна Васенина.
Петропавл Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: