Cібір елігін атқан браконьерлер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
5 наурызда Алматы облысында "Іле-Алатауы" ұлттық паркі инспекторлары сібір елігін атқан браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрген филиалының инспекторлары Қ.Әшімов, М. Байтасов, К. Жылқайдаровтар рейд жүргізген. Барлау кезінде Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қорығының аумағында аттылы Алматы облысының екі тұрғынынан екі мылтық пен сібір елігі (еркегі екен) анықталған.

Бір қызығы браконьерлер атқан олжасын сол қалпы ат құйрығына байлап қойған. Ұстау кезінде құйрығына елік байланған жануар үркіп, елді мекенге қашқан. Алдымен браконьерлерді құрықтаған инспекторлар артынша елік байланған атты да ұстады.

Инспекторлар құқық бұзушыларды Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек