8-10 наурызда Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 20 градус ыстық болады

Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер 8-10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, оған сәйкес республиканың солтүстігінде 25 градус аяз, оңтүстігінде 20 градус ыстық күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының төмендеуін алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтарда термометр бағандары 15...25 аязға дейін төмендейді. «Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде керісінше, күн жылынады.

Елдің батыс және оңтүстік аймақтарында оңтүстік циклонның әсерінен күндізгі ауа температурасы 10...20 градусқа дейін көтеріледі.«Қазгидромет» РМК
Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео