Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз айналымнан 31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіленді

Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз айналымнан 31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 21:45 Сурет: ҚР ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру шараларын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, биыл шілде айында Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 8 өңірінде жүргізілген іс-шаралар барысында 31 бірлік қару тәркіленген.

Тәркіленгендердің қатарында 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 дана оқ-дәрі бар.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК заңсыз қару айналымына қарсы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: