ҰҚК ауқымды арнайы операция жүргізді: ел бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді

2026 жылдың сәуір айында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста заңсыз қару айналымының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 10:37 Сурет: gov.kz
2026 жылдың сәуір айында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста заңсыз қару айналымының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы шара барысында барлығы 63 қару тәркіленді. Оның ішінде 4 автомат, 38 мылтық, 20 тапанша, бір реактивті шабуыл гранатаатқышы, 4 граната және 188 оқ-дәрі бар.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы аумағында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өндірістік жарылғыш зат анықталып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін, 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қалада арнайы операция өткізіп, қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз жинап, таратты деген күдікке ілінген топтың қызметін тоқтатқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: