Автоматтар, гранаталар мен тапаншалар: ҰҚК Қазақстанның 10 өңірінде ауқымды арнайы операция жүргізді

2026 жылғы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің сегіз өңірінде қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 13:46 Сурет: gov.kz
2026 жылғы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің сегіз өңірінде қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 28 шілдеде жарияланған ресми ақпаратқа сәйкес, барлығы 31 қару, оның ішінде төрт автомат, 20 мылтық, жеті тапанша, сондай-ақ екі граната мен 278 оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Ведомство бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Алматының Медеу ауданында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның қару-жарақ сейфінен тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың шолақ түрін тапқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: