Қазақстанның бірнеше облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола облысы:

11.03.2022 ж.сағат 13.00-де «Жезқазған – Петропавл» а/ж 377 – 440 шақырым

Ақтөбе облысы:

10.03.2022 ж. сағат 20.00-де «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы», 165 – 330 шақырымы.

11.03.2022 ж.сағат 11.00-де «Самара – Шымкент» , 776 – 1240 шақырымы.

11.03.2022 ж.сағат 13.00-де «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка –Рудный – Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0– 234 шақырымы.

БҚО:

09.03.2022 ж.сағат 23.50-де «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» а/ж 72 – 104 шақырымы;

«Самара – Шымкент" а/ж 195 – 251 шақырымы.

10.03.2022 ж. сағат 16.15-те «Атырау – Орал» 189 – 492 шақырымы;

сағат 19.35-те «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» 4 – 72 шақырымы, Орал қаласының уч. – Тасқала кенті;

20.10 сағ. «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» 0 – 144 шақырымы.

Қарағанды:

11.03.2022 ж.сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған – Петропавл» а/ж 137 – 252 шақырымы.

Қостанай:

11.03.2022 ж. сағат 13.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінуді шектеу) автокөліктердің барлық түрлері үшін а/ж қозғалысына шектеу енгізілді:

1. «Жезқазған – Петропавл» км. 252 – 377 шақырымы.

2.«Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» км. 234-262 шақырымы.

Қызылорда:

11.03.2022 ж.сағат 11.00-де (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты «Самара – Шымкент» тас жолының 1240 – 1357 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Азаматтарды ауа райы болжамын жіті бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Штаттан тыс жағдай туындаса, жүргізушілер мен жолаушылар 1403 нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласуы қажет.«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі
Қарағанды Қостанай Қызылорда Қазақстан Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: