Ресей Бас прокуратурасы Instagram-ға кіруге шектеу енгізбек

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Instagram желісін бұғаттап, Метаны экстремистік ұйым деп тануды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның Instagram-ға қарсы талаптары Ресей Федерациясының Украинадағы арнайы операциясы барысында бұл әлеуметтік желіде «Ресей Федерациясының азаматтарына қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін (кісі өлтіру) жасауға шақыруы бар ақпараттық материалдарды таратуымен, оның ішінде әскери қызметкерлер, сонымен қатар Ресей Федерациясының аумағында азаматтарды зорлық-зомбылықпен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақыруларды қамтитын ақпаратты жүйелі түрде орналастырады», – деп хабарлайды ТАСС.

Тергеу комитеті «Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін америкалық Meta компаниясының қызметкерлерінің ресейліктерді өлтіру және зорлық-зомбылық көрсету туралы заңсыз шақыруларына қатысты қылмыстық іс қозғады.Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Telegram-дағы хабарламасы

Сонымен қатар Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Instagram желісіндегі ресми аккаунт жұмысын тоқтатады.

4 наурызда қадағалау органы Facebook әлеуметтік желісін Ресей Федерациясы азаматтарының адам құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, сонымен қатар БАҚ бостандығына қатысы бар деп тану туралы шешім қабылдады.

11 наурызда Meta компаниясы өзінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде ресейлік әскерилерге қарсы зорлық-зомбылық туралы үндеулерді жариялауға уақытша рұқсат бергені белгілі болды.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: