«Қаңтар қасіреті»: Бас прокуратура тергеу аяқталғаннан кейін қайтыс болғандардың тізімін береді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Бас прокуратурасы жантүршігерлік қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін тергеу аяқталғаннан кейін береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайтыс болғандар саны туралы мәселені Мәжілістің жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева көтерді. Ол қаза болғандардың саны мен аты-жөнін жасыруға болмайтынын атап өтті.

Біз қайтыс болғандардың тізімін ресми түрде жариялаған жоқпыз. Жария етпес бұрын, отбасына, туыстарына қайғы әкелеміз деп ойлаймыз. Сондықтан алдымен бақылау керек. Мұнда 230 адам қаза тауып, кісі өлтіру, лаңкестік актісі бойынша 46 қылмыстық іс қозғалып жатқанын айттық. Бұл жайттардың барлығын алдымен зерделеу керек, атап айтқанда: құқық бұзушы кім болды, бейбіт наразылық білдіруші кім болды. Тергеу барысында осының барлығын анықтауымыз керек, содан кейін ақпарат береміз. Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бас прокуратура басшысынан мұндай тізімді жариялауға заң жүзінде шектеулер бар-жоғын сұрады.

Берік Асылов мұндай шектеулер барын, бірақ барлық тексерулер аяқталған соң тізімді ұсынуды жоспарлап отырғандарын айтты.

Бұған дейін Бас Прокурор атап өткендей, қайғылы қаңтар оқиғасының салдарынан барлығы 230 адам қаза тапты, оның 19-ы әскерилер мен қауіпсіздік қызметкерлері.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты