Қызылорда облысының тұрғыны танысының телефоны арқылы несие рәсімдеп алған

Сурет: pixabay
Қызылорда облысының тұрғыны танысының телефоны арқылы заттай несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 наурыз күні Қызылорда қалалық ПБ Ақсай полиция бөлімінің 102 жедел арнасына қала тұрғынының арызы келіп түсті.

Арызданушының айтуы бойынша, 10 наурыз күні танысы ұялы телефонын сұрап, ақпараттық жүйесіне заңсыз кіріп, банк бағдарламасы арқылы 400 мың теңге көлемінде заттай несие рәсімдеп алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлермен ұрлық жасаған облыс тұрғыны ұсталды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы