БҰҰ Бас ассамблеясы Украинадағы гуманитарлық жағдайға қатысты қарар қабылдады

Сурет: pixabay
Қарар авторлары бейбіт тұрғындардың қауіпсіз өтуін, сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға гуманитарлық қолжетімділікті қамтамасыз етуді талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде «Украинаға қарсы агрессияның гуманитарлық салдары» резолюциясы қабылданды. Оны 140 мемлекет қолдады. БҰҰ жаңалықтарының хабарлауынша, бес делегация қарсы болып, 38 делегация қалыс қалды.

Қарар Ресейден Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуды талап етеді. Құжат авторлары бейбіт тұрғындардың қауіпсіз өтуін, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға гуманитарлық қолжетімділікті қамтамасыз етуді талап етті.

БҰҰ мәліметі бойынша, Украинадағы қарулы қақтығыс басталғалы бері 10 миллионнан астам адам ішкі босқынға айналған. Қарулы қақтығыстар елдің денсаулық сақтау жүйесіне әсер етті, ал гуманитарлық жағдай нашарлап жатыр, деп атап өтті ұйым.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін