Қазақстан ауаның ластануы бойынша әлемдік рейтингте 23-орында тұр

Сурет: Zakon.kz
БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының мәліметтері бойынша, әлемдегі ауа сапасына байланысты орын алған өлім-жітімнің 70%-ы Орталық және Оңтүстік Азияға тиесілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

IQAir швейцариялық мониторинг тобы ауаның ластану деңгейі бойынша мемлекеттер рейтингін ұсынды.

Қазақстан ауасы лас елдер рейтингінде 23-ші орында, ал кір астаналар бойынша Нұр-Сұлтан 35-ші орында тұр.

Орталық Азия елдері арасында рейтингіде Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан Қазақстан төмен орналасқан.

Әлем елдерінің ішінде ең лас мемлекет ретінде Бангладеш Халық Республикасы аталады. Екінші орында – Чад, одан кейін Пәкістан тұр.

Ал ең таза ауа - Жаңа Каледония аралында, Виргин аралдары екінші орында тұр, Пуэрто-Рикода - үшінші орында. Бұл өңірлердің астаналары да ауа тазалығы бойынша бірінші қатарға шығады.

Рейтингте әлемдегі ең ірі қалалардың ішінде Бейжің 16-орын, Париж – 68-орын, Берлин – 72-орын, Мәскеу – 73-орын, Рим – 77-орын, Лондон – 82-орын, Вашингтон – 86-орын, Токио – 87-орында.

Баяндама авторлары 2021 жылы Орталық және Оңтүстік Азиядағы ауа сапасы әлемдегі ең нашары болғанын атап өтті.

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына сәйкес, әлемдегі ауа сапасына байланысты орын алған өлім-жітімнің 70%-ы осы аймаққа тиесілі.

Өңірдегі екі қала ғана орташа жылдық концентрациясы 5 мкг/ш.м. ауа сапасы бойынша ДДҰ ұсынымдарына сәйкес келді. Олар - Шу мен Жезқазған қалалары.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды