Оразаға орай Алматыда 100 мың дана құрма мен су таратылады

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ораза айында Алматыда қандай шаралар ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы мешіттерінде қасиетті Рамазан айын атап өту үшін арнайы жоспар бекітілді. Ораза айына қаладағы барлық мешіттің дайындығы пысықталды.

Биыл қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады. Рамазан құран айы. Сол себепті, осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі.Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан

Қаланың бас имамының айтуынша, Алматы орталық мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылады. Сонымен қатар қала мешіттерінде де ауызашар беріледі. Ауызашар бергісі келетін кісілер мешіттердегі жауапты мамандарға жолығуларына болады.

Оразаның алғашқы күні жұртшылыққа ораза айының келгенін сүйіншілеу мақсатында «Қош келдің, Рамазан!» айдарымен  қала көшелерінде 100 000 (жүз мың) дана су мен құрма таратылады. Бұл шараға имамдар бастаған жастар жамағаты мен блогерлер жұмылдырылмақ. Сонымен қатар «Жақыныңа сыйлық сыйла» және «Жарапазан» эстафеталары ұйымдастырылады. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан
Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: