Еліміздің барлық дерлік өңірінде 14 қарашада жауын-шашын болатыны болжанады

Жаңбыр, қар, жауын-шашын, 14 қараша, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 18:06 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 14 қарашаға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық дерлік аумағына жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі.

"Тек республикамыздың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ел аумағында тұман, көктайғақ болады деп болжанады, ал республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: